ҚОҒАМ
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты мемлекеттік тулар төмен түсірілді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда 25 қыркүйектің жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты мемлекеттік тулар барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ғимараттарында төмен түсірілді.
Сонымен қатар елімізде ойын-сауық іс-шараларын өткізуге уақытша тоқтатылды. Ойын-сауық сипатындағы телебағдарламалар да эфирден алынды.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқан еді. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61