ҚОҒАМ

Каспийдегі қайғылы оқиға: қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Оқиға орнында жүргізіліп жатқан операцияға 252 әскери қызметші мен қызметкер, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер жұмылдырылған. Сонымен қатар 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы және 20-дан астам әуе кемесі, оның ішінде төрт тікұшақ тартылған.

Іздеу жұмыстары Үкіметтік комиссияның тапсырмасымен ұйымдастырылып, оқиға орнында әскери қызметшілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61