ҚОҒАМ
Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына ішкі рейстерге тегін әуе билеттері беріледі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: FlyArystan
Қаза тапқан және Каспийдегі оқиғадан кейін аман қалған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының ішкі рейстерімен тегін ұша алады.
Тегін билет әскери қызметшілердің өздеріне де беріледі.
Бұл көмек ата-аналарына, жұбайларына, балаларына, туған аға-інілері мен әпке-сіңлілеріне көрсетіледі. Билет рәсімдеу кезінде туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Әуе билеттерін Air Astana және FlyArystan компанияларының сату кеңселерінен немесе әуе компанияларының ресми байланыс арналары арқылы рәсімдеуге болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61