САЯСАТ

Даулет Бекманов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Даулет Бекманов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті өкімге мемлекет басшысы қол қойды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақорда таратқан мәліметте: «Бекманов Даулет Нысанхулович Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды» делінген.

Даулет Бекманов 1983 жылы туған. Ол «Мирас» университеті мен әл-Фараби атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын жеке ұйымдардың бірінде жүйелік инженер болып бастаған. Әр жылдары «НИТ» АҚ-да, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. 2020 жылдың ақпанында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетін басқарды.

2023 жылдың мамырында «Қазпошта» АҚ-ға ауысып, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды. 2025 жылдың шілдесінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басшысы болып тағайындалған еді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61