СПОРТ

Азиада-2026: Ясмина Тоқсанбаеваның алтын медалі жойылды

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Азиада-2026 ойындарындағы марафондық спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесі аннулирленді. Спортшы мәреге бірінші болып келгенімен, кейін оның нәтижесі есепке алынбады, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

27 қыркүйекте Жапонияда өткен жарыста Ясмина Тоқсанбаева 42,195 шақырымдық қашықтықты 3:22:20 уақытта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Алайда жарыс аяқталғаннан кейін спортшының нәтижесіне қатысты наразылық білдірілді. Ұйымдастырушылар Тоқсанбаеваның аяқ киімін World Athletics талаптарына сәйкестігі бойынша тексерген.

Алғашында жарыстың ресми хаттамасында спортшының нәтижесіне Protested деген белгі қойылды. Кейін оның нәтижесі ресми түрде аннулирленді.

Ясмина Тоқсанбаева бұл жағдайға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

«Нәтижем аннулирленді. Біз соңына дейін күрестік. Алтынды алып келгім келген еді. Бірақ Жаратушының жолы бізге беймәлім, бұл да мені арманымнан бас тартуға тоқтатпайды. Бүгін мені мың бөлікке бөлгендей болды», – деп жазды спортшы.

Бұған дейін наразылықтан кейін Тоқсанбаева алтын медаль одан алынып қойылған жағдайда да, қайта оралып, өз нәтижесін қайталауға дайын екенін айтқан.

Кейін Азия ойындарының ресми сайтында спортшының аты-жөніне қарама-қарсы DQ (Disqualified) мәртебесі пайда болды.

Осылайша, Ясмина Тоқсанбаеваның 3:22:20 нәтижесі есепке алынбай, мәреде иеленген бірінші орны жойылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61