САЯСАТ

Жылу беру маусымы: Бектенов әкімдерге дайындықты жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетіп, алдымен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтуды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ukimet

Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Олжас Бектенов жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күн қалғанын атап өтті.

Премьер-министрдің айтуынша, ең алдымен балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс. Әкімдер дайындық жұмыстарын жеке бақылауға алып, жылыту маусымын белгіленген мерзімнен кешіктірмеуі қажет.

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың мәліметінше, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жылу беру басталған. Апта соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде де жылу іске қосылады деп күтілуде.

Энергия нысандарында 4,9 млн тонна көмір мен 127 мың тонна мазут қоры дайындалған. Жылу желілерінің жалпы дайындығы 99%-ға жетті.

Семей қаласындағы дайындық барысы ерекше бақылауда. Қалада жоспарланған жұмыстардың 82%-ы орындалған.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61