ҚОҒАМ

Алматы зообағында маралдың екі төлі дүниеге келді

Алматы зообағында биыл екі марал төлі дүниеге келді. Қазір олардың жағдайы жақсы, төлдер енелерімен бірге өсіп, жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Алғашқы марал төлі 7 маусымда, ал екінші төлі 10 қыркүйекте туған. Зообақ мамандары жаңа туған жануарларға Маралтай және Мұқан деген есім берді.

Зообақтың мәліметінше, екі төлдің де денсаулығы жақсы. Олар әзірге енелерінен алыстамай, бірге жүр. Мамандар төлдердің қоршаған ортаға бейімделу барысын бақылап, олардың күнделікті жағдайын қадағалап отыр.

Қызметкерлер марал төлдерінің денсаулығына, физикалық дамуына және қоректенуіне ерекше көңіл бөлуде. Сондай-ақ жануарлардың мінез-құлқы мен белсенділігі де тұрақты бақылауда.

Мамандардың айтуынша, төлдердің енелерімен бірге болуы олардың қалыпты өсіп-жетілуі үшін маңызды. Сондықтан қазіргі уақытта оларға тыныш орта қалыптастырылып, табиғи мінез-құлқына сай жағдай жасалып отыр.

Жаңа төлдердің дүниеге келуі Алматы зообағындағы жануарлар коллекциясын толықтырып, келушілер үшін де қызықты жаңалық болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61