СПОРТ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: olympic.kz
Спортшының еншісінде 4193 рейтингтік ұпай бар. Бірінші орында 4590 ұпай жинаған АҚШ өкілі Илья Малинин тұр.
Үшінші орынға 4123 ұпайы бар жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юма Кагияма жайғасты.
Михаил Шайдоров үшін бұл — ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары нәтиже. Бұған дейін қазақстандық спортшы мұндай жоғары көрсеткішке көтерілмеген.
Әлемдік рейтинг мәнерлеп сырғанаушылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері негізінде қалыптасады. Алдағы жарыстардың қорытындысына қарай спортшылардың рейтингтегі орындары өзгеруі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61