ҚОҒАМ

Қазақстанда қараша айы жылы болады деп болжануда

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–2°С жоғары болады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

2026 жылғы вегетациялық кезең Қазақстанның бірқатар астық егетін өңірлері үшін күрделі жағдайда өтті. Елдің басым бөлігінде әртүрлі қарқындылық пен ұзақтықтағы құрғақшылық байқалды. Ең ұзақ құрғақ кезеңдер Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Абай және Жетісу облыстарында тіркелді.

Қазгидромет мәліметінше, қазан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады. Шығыс Қазақстан, Павлодардың солтүстік-шығысы және Абай облыстарында температура климаттық нормаға жуық сақталады.

Қазан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормаға жақын болады. Ал батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын нормадан жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстардың оңтүстік бөлігінде нормадан төмен болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша қараша айы да жылы болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының солтүстік бөліктерінде жауын-шашын нормадан жоғары болуы ықтимал.

«Қазгидромет» ауа райын болжауда жасанды интеллект элементтері бар цифрлық құралдарды қолдана бастады. Атап айтқанда, WRF сандық моделі арқылы 2 және 6 шақырымдық кеңістікте 48 сағаттан 10 тәулікке дейінгі кезеңге болжам жасалады.

Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар агрометеорологиялық және гидрологиялық болжамдардың, сондай-ақ дауылды ескертулердің нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61