САЯСАТ
Қазақстан Компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт конвенциясына қосылды. Құжат киберқылмыстарды тергеу және елдер арасындағы ақпарат алмасуды жеделдетуге бағытталған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Құрылтай Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялады. 2001 жылы Будапештте қабылданған құжат ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күреске бағытталған алғашқы халықаралық шарттардың бірі саналады.
Конвенция компьютерлік жүйелер, желілер мен деректердің құпиялылығын, тұтастығы мен қолжетімділігіне қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылды көздейді.
Қазақстанның конвенцияға қосылуы киберқылмыстарды анықтау және тергеу кезінде халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді. Құжатқа қосылған елдермен ақпарат алмасу, қылмыстық қудалау және құқықтық көмек көрсету тетіктерін пайдалану көзделген.
Сонымен қатар, конвенция экстрадиция, ақпарат алмасу және бірлескен тергеу әрекеттерін жүргізу сияқты тетіктерді қарастырады. Бұл трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61