ҚОҒАМ

Ақмола облысында сәби анасының жанында шетінеп кетті

Ақмола облысының Ақкөл ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Анасы баласын емізіп отырып ұйықтап қалған. Кейін оянған кезде сәбиінің тыныс алмай жатқанын байқаған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға орнына медицина қызметкерлері шақырылғанымен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер сәбидің тұншығу салдарынан қайтыс болғанын анықтаған.

Іс сотта қаралып, әйел кінәлі деп танылды. Сот барысында оның оқиға кезінде мас күйінде болғаны жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде ескерілді. Ал жасаған ісіне шын өкінуі жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.

Сот шешімімен әйел 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Оқиғаға қатысты сот шешімі заңда белгіленген тәртіппен шығарылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61