Саясат

Президенттікке кандидаттардың әрқайсына бюджеттен 7,3 миллион теңге беріледі

Сайлау өткізуге бюджеттен 9,4 миллиард теңге бөлінеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары үшін әрқайсына 7,3 миллион теңге беріледі деп хабарланды. Бұл соманың 5,2 миллион теңгесі – кандидаттың теледидарда бағдарламасын таныстыруға, 471 200 теңгесі көлік шығындарына бөлінген.

Кандидаттарды толығымен тіркеу 11 мамырда аяқталуы тиіс болған, бірақ сайлау комиссиясы 6 мамырда кандидаттың барлығы тіркелдід деп хабарлады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, бұған кандидаттардың талапқа сай екенін анықтаудың және қол жинаудың ерте аяқталуы себеп болған.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат анықталды:

1) Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы;

2) Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

3) Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

4) Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы;

5) Төлеутай Рақымбеков - "Ауыл" партиясы;

6) Жамбыл Ахметбеков - Қазақстан коммунистік халық партиясы;

7) Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Сайлауалды үгіт-насихат шаралары Нұр-Сұлтан уақытымен 11 мамыр күні сағат 18.00-ден кейін басталады.

Бұған дейін жарияланған дерек бойынша, сайлау өткізуге бюджеттен 9,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржы республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалмақ. Бөлімшелерде 70 мыңға жуық адам істейтін болады.