ӘЛЕМ

Бусанда каналға кептеліп қалған акула қаланың құрметті елшісі атанды

3,5 метрлік акула Оңтүстік Кореяның Бусан қаласындағы каналға кіріп кетіп, екі аптадан бері сол жерде жүр. Оны көруге 600 мыңға жуық адам келген, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Акула алғаш рет 18 қыркүйекте Бусанның Солтүстік портындағы жасанды каналдан байқалған. Жағалау күзеті мен құтқару қызметтері оны ашық теңізге шығаруға тырысқан. Мамандар катерлердің су атқыш құрылғылары арқылы акуланы каналдан ығыстырмақ болған. Алайда жыртқыш қатты қысымнан үркіп, каналдың ішкі бөлігіне қарай жүзіп кеткен.

Қазір құтқарушылар акуланы қауіпсіз түрде ашық теңізге шығару үшін арнайы тор қолдануды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, акула әзірге өзін қалыпты сезінеді. Дегенмен оның ұзақ уақыт бойы таяз әрі жабық суда қалуы денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Акула Бусан тұрғындары мен туристерінің де назарын аударған. Екі апта ішінде оны көру үшін шамамен 600 мың адам келген. Соның ішінде жағалаудағы саябаққа 480 мың адам барған. Әдетте бұл орынға күніне шамамен 2 мың адам келеді.

Қала әкімшілігі акуланы Бусанның құрметті елшісі етіп тағайындады. Қазір басты міндет – жануарды аман-есен табиғи мекеніне қайтару.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61