СПОРТ

Қазақстан Азиада-2026-да 57 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жүлде қорын толықтыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

1 қазанға дейін Қазақстан құрамасының еншісінде 57 медаль бар. Оның ішінде 9 алтын, 16 күміс және 32 қола жүлде бар.

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында спорттың бірнеше түрінен жүлдеге ие болды. Ел құрамасы күрес, дзюдо, бокс, жеңіл атлетика, нысана көздеу және басқа да спорт түрлерінен медальдар жеңіп алды.

Құрама өкілдері жарыстың қалған күндерінде де ел намысын қорғап, жүлделер санын арттыру үшін сынға түседі.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтуде. Қазақстан спортшылары құрлықтың үздік атлеттерімен бәсекеге түсіп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61