ДЕНСАУЛЫҚ
2 қазанда “Әділет” партиясы алаңында сүт безі обырының алдын алуға бағытталған республикалық науқанның басталуына арналған брифинг өтті. деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Bugin.kz
Брифингке Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Шолпан Каринова, Арман Жансеңгірәев, Жұлдыз Данбаева, онколог-маммолог Данара Сүлейменова және дәрігер-сарапшы, Астана қаласындағы №13 емхананың директоры Жанерке Ажетова қатысты.
«Біздің міндетіміз – бұл ақпаратты тұрғылықты жеріне қарамастан
барлық әйелге қолжетімді ету. Қазан айында өңірлердегі емханаларда ашық
есік күндері өтеді. Аудан және ауыл тұрғындары тұрғылықты жері
бойынша жүгініп, мамандардан кеңес алып, аурудың алдын алу және оны
ерте анықтау туралы көбірек ақпарат алады», – деді ол.
Мамандар әйелдердің скринингтен өту тәртібі, медициналық тексерудің маңызы және қажетті мамандарға жүгіну жолдары туралы ақпарат берді.
№13 емхана директоры Жанерке Ажетованың айтуынша, емханаларда әйелдерге арналған профилактикалық тексерулер бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Оның ішінде маммография да бар.
«Әр емханада әйелдерге арналған медициналық тексерулер жүргізіледі. Оның ішінде маммография да қарастырылған. Скринингтен өту мерзімі келген жағдайда емханаға хабарласып, тексеруден өтуге болады», – деді Жанерке Ажетова.
Скринингке жазылу үшін емхананың регистратурасына немесе колл-орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ учаскелік дәрігерге жүгінуге мүмкіндік бар.
Астана тұрғындары №13 емханаға да хабарласып, скринингтен өту тәртібі бойынша кеңес ала алады.
Қазақстанда 40-76 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обырына арналған тегін скринингтен өте алады. Мамандар ауруды ерте анықтаудың маңызын атап өтті.
Қазан айы бойы емханаларда ашық есік күндері, онколог дәрігерлермен кездесулер, дәрістер мен подкасттар ұйымдастырылады. Сонымен қатар қалалар мен аудан орталықтарында жүгіру жарыстары мен серуендер өткізіледі.
Мамандардың айтуынша, өзін-өзі тексеру дәрігердің толыққанды медициналық тексеруін алмастырмайды. Науқанның негізгі мақсаты – әйелдерге денсаулығына жауапкершілікпен қарап, медициналық тексеруден уақытылы өтудің маңызын түсіндіру.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61