МӘДЕНИЕТ

AI-кино: Қазақстан әлемдік деңгейге шықты

Астанада өткен Astana AI Film Festival фестиваліне 125 елден 8 067 өтінім түсіп, байқау AI көмегімен жасалған фильмдер саны бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық конкурс атанды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Казинформ

Астанада Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалі аяқталды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім келіп түскен.

Фестивальді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Президент ашылу салтанатында жасанды интеллекттің талантты адамдарға жаңа мүмкіндік беріп, креативті индустриялардың дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Фестиваль жеңімпаздарына арналған жүлде қоры $1 млн болды. Қаражатты Freedom Шапағат корпоративтік қоры бөлді. Сонымен қатар Қазақстанда перспективалы AI-командаларға инвестиция салу және өндірісті дамыту үшін тағы $1 млн қарастырылған.

Жоба Қазақстанға халықаралық авторлар мен инвестиция тартуға, жергілікті шығармашылық және технологиялық командаларды дамытуға бағытталған. Ұйымдастырушылар қатысушылардың Қазақстанда компания тіркеп, Astana Hub экожүйесіне қосылуына мүмкіндік беруді жоспарлап отыр.

Байқауда қазақстандық авторлар да жүлдеге ие болды. Мырзахан Жумахан «It Was Just a Joke» комедиясындағы кейіпкері үшін үздік персонаж номинациясында марапатталды.

Ал фестивальдің Гран-при жүлдесі мен $450 мың сыйақысы Латвиядан келген Nikolay Shestak-қа «The First Honest Day» фильмі үшін берілді.

Ендігі мақсат – фестивальге деген халықаралық қызығушылықты Қазақстандағы тұрақты AI-кино индустриясына айналдыру.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61