МӘДЕНИЕТ
Қазақстан кинотеатрларында «Жеті қарақшы» фильмі көрсетіліп жатыр. Картинаға 720 млн теңге жұмсалған. Фильм Семей полигонына қатысты құпия миссия туралы баяндайды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: "Жеті қарақшы'' фильмінің постері
Фильм не туралы?
«Жеті қарақшы» оқиғасы 1978 жылы өтеді. Фильм сюжетінде Дінмұхамед Қонаев аса қауіпті тапсырманы орындау үшін жеті кәсіби қылмыскерді жинайды.
Олардың мақсаты – ядролық детонаторды қолға түсіріп, Семей полигонында жоспарланған жарылыстың алдын алу. Жеті кейіпкер қауіпті миссия барысында түрлі сынақтарға тап болады.
Картина тарихи оқиғаларды экшн, шытырман оқиға және альтернативті тарих элементтері арқылы көрсетеді.
Фильмге 720 млн теңге жұмсалған
«Жеті қарақшының» бюджеті 720 млн теңгені құраған. Фильм жеке инвестиция есебінен түсірілген.
Қаражаттың бір бөлігі пойыз бен теміржолды жалға алуға, актерлерге, декорация мен реквизиттерге жұмсалған.
Режиссері мен актерлері
Фильмнің режиссері – Қуаныш Бейсек. Сценарий авторлары – Алдияр Жапарханов пен Қазыбек Оразбек.
Басты рөлдерде:
• Еркебұлан Дайыров;
• Индира Сабирова;
• Азат Жұмаділ;
• Әшім Ахметов;
• Шұғыла Ешенова;
• Ерболат Әлқожа;
• Кенжебек Башаров;
• Шәріпбек Зәкіров;
• Винценц Кифер.
«Жеті қарақшы» қазір Қазақстан кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Фильм 24 қыркүйекте прокатқа шыққан. Кей кинотеатрларда сеанстар қазан айының ортасына дейін жоспарланған.
Фильм прокаттың алғашқы демалыс күнінде 278 млн теңге жинап, касса көшін бастаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61