БІЛІМ

Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтуде

5 қазанда Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтеді. Елімізде білім беру саласында шамамен 600 мың педагог еңбек етеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда жыл сайын 5 қазанда ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Бүгінде елдегі білім беру жүйесінде шамамен 600 мың педагог жұмыс істейді.

Олардың ішінде 420 мыңға жуығы мектептерде, 100 мыңнан астамы балабақшаларда, ал 43 мыңға жуығы колледждерде қызмет атқарады.

Бұған дейін Мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін. 2023 жылдан бастап мерекенің нақты күні 5 қазан болып белгіленді.

Бұл дата Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкес келеді. Аталған халықаралық мереке әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі.

Мереке ұстаздардың қоғамдағы рөлін атап өтіп, олардың білім беру мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесіне құрмет білдіруге арналған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61