Саясат

Кентауда 90 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өңір басшысы шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын назарға алып, атқарылып жатқан жұмыстарға мән берді. Сапар барысында бірқатар маңызды нысандарға аялдады.

Ең алдымен «Кентау қаласының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді даму жоспары» тыңдалды. Бұл бойынша Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов мәжіліс залында өткен жиында баяндады. Жалпы жасалуы тиіс жұмыстардың қатарында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, қаланың кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары айтылды. Аталған жиында Өмірзақ Естайұлы Кентау қаласында 1 қабатты тұрғын үйлерді көбейтуге басымдық беруді тапсырды. Одан бөлек, Түркістан-Кентау тас жолын кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Ынтымақ ауылынан бастап, елді мекендерді көркейтуді жүктеді.

Кентау қаласына жұмыс сапарын барысында Қаланың 2019-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес, «Жастар саябағын» абаттандыру жұмысы таныстырылды.

Отан қорғаушылар мерекесі күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында Кентау қаласында 180 отбасы баспаналы болса, оның ішінде 60 пәтерлі көпқабатты 3 тұрғын үйдің 90 пәтері - көпбалалы отбасыларға, ал 37-сі - жетім балаларға, қалған 53 пәтер - "Нұрлы жер" бағдарламасымен беріліп отыр. Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсімінде өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды жаңа баспанасымен құттықтады.

«Баспана беру реті ережеге сәйкес кезек бойынша беріліп отыр.Дегенмен, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға, көпбалалы отбасыларға баспанамен қамту жағына басымдық берілген.Тағы бір айтар қуанышты жаңалығымыз Кентау қаласының жаңа мөлтек ауданынан көпқабатты 10 үйдің құрылысы басталып, іргетасы қаланды. Демек, келер жылы тағы 600-ге жуық отбасы өз баспаналарына қол жеткізетін болады.Осының барлығы құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі, халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы, Елбасының халыққа деген қамқорлығы»-деді облыс әкімі.

"Нұрлы жер" бағдарламасыбойынша бой көтерген тұрғын үйлер соңғы заманауи үлгіде салынған.Биыл соңына қарай тағы 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы жыл соңына дейін Кентау қаласының 300-ге жуық отбасын баспанамен қамту жоспарлануда.