ДАМУ

ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жол жаңартылды

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» республикалық маңызы бар жолының 13 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: rahmanovskie_kluchi

Жолды қайта жаңғырту жұмыстары аясында учаскеге жаңа асфальт төселіп, жолдың инженерлік инфрақұрылымы жаңартылды.

Жоба барысында 17 су бұру науасы мен 3 су өткізу құбыры салынды. Сонымен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысандар жаңартылып, қажетті жұмыстар жүргізілді.

Жаңартылған учаске Рахман қайнарына баратын негізгі бағыттардың бірі саналады. Жолдың сапасын жақсарту көлік қозғалысын ыңғайлы етіп, таулы аймақтағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жолдың жаңартылуы өңірдің туристік әлеуеті үшін де маңызды. Рахман қайнары – Катонқарағай аумағындағы танымал туристік бағыттардың бірі. Жол инфрақұрылымының жақсаруы демалушылар мен жергілікті тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге ықпал етеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61