ҚОҒАМ

БҚО-да 10 жастағы бала мектепке бармаған: анасы ата-ана құқығынан айырылды

Батыс Қазақстан облысында 10 жастағы баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды. Сот баланың мектепке бармағанын, сауатсыз болғанын және қиын жағдайда өмір сүргенін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Істі сотқа Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының әкімшілігі берген. Сот материалдарына сәйкес, бала туғаннан бері анасымен бірге тұрған. Әйелдің әлеуметтік жағдайы нашар болып, алкогольді ішімдікке әуес болған. Олар тұрған қараусыз қалған үйде бөгде адамдар тұрақты түрде болған.

Сот барысында 10 жастағы баланың ешқашан мектепке бармағаны, оқып-жаза алмайтыны анықталды. Тамақ пен киімін бала қоқыс полигонынан іздеп жүрген.

Алдымен бала Балаларды қолдау орталығына орналастырылған. Кейін ол отбасылық үлгідегі балалар ауылына қамқорлыққа берілді.

Баланың анасы ұлын бір рет те барып көрмеген. Сонымен қатар сот отырыстарына шақырылғанына қарамастан, жауапкер процеске қатыспаған.

Психологтың қорытындысы бойынша, бала ауыр психологиялық жарақат алған. Оның анасына деген эмоционалдық байланысы жоғалған. Бала анасынан қайтадан өзін қоқыс алаңына алып кетеді деп қорқатынын айтқан.

Баланың айтуынша, балалар ауылында өзін жақсы сезінеді. Мұнда оның таза төсегі мен жеткілікті тамағы бар.

Сот шешімімен әйел ата-ана құқығынан айырылды. Сонымен қатар одан баланы асырауға алимент өндіру туралы шешім қабылданды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61