ҚОҒАМ
Батыс Қазақстан облысында балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Оған Орал қаласы мен өңір аудандарынан 138 бала қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Әділет
Фестивальді «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа 9 команда қатысып, оның құрамында ерекше қажеттіліктері бар 56 бала өнер көрсетті.
Қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және «Көңілді старттар» эстафетасы бойынша бақ сынады. Балалар спорттағы қабілеттерін көрсетіп, командалық бірлік пен өзара қолдаудың маңызын танытты.
«Әділет» партиясы БҚО филиалының жетекшісі Бауыржан Бектұрған инклюзивті спорттың балалардың өзіне деген сенімін арттырып, жаңа достар табуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты – балаларды спорт арқылы біріктіру, әр адамның қабілеті мен мүмкіндігіне құрметпен қарауды қалыптастыру және қоғамда өзара қолдау мәдениетін дамыту.
Шара соңында үздік командалар мен қатысушылар марапатталды. Облыстық кезең жеңімпазы «Тең мүмкіндіктер» фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61