ҚОҒАМ
Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуді және өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ukimet
Үкімет отырысында жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Олжас Бектенов әкімдерге энергия көздері мен жылу желілерінің жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«Өңір әкімдері жылыту маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отырсын. Жоспарлы параметрлердің бәрі сақталуы керек, сондай-ақ отынның нормативтік қоры мен қосалқы жабдықтардың дайындығын қамтамасыз ету қажет», – деді Премьер-министр.
Сонымен қатар ол халыққа қажетті көмір бағасын бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеуді тапсырды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев барлық жылу көздерінде отын қоры жасақталғанын айтты. Қазір жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр.
Алматы, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары ауа райы мен бекітілген кестеге сәйкес қазан айының соңына дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61