ҚОҒАМ

Қазақстанның алты өңірі цифрлық ХҚКО ашудан қалып келеді

Қазақстанда ХҚКО-ларды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір елде төрт өңірде бес цифрлық кеңсе жұмыс істейді. Тағы он өңірде қаржыландыру мәселесі шешілгенімен, алты облыста цифрлық ХҚКО ашу жұмыстары кешеуілдеп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Үкіметтің 6 қазандағы отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев цифрлық ХҚКО-ларды іске қосу барысы туралы баяндады.

Қаржыландыруы шешілген өңірлер қатарында Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары және Жетісу облысы бар. Оларға ғимараттарды дайындап, цифрлық кеңселерді 2026 жылдың соңына дейін ашу тапсырылды.

Ал Абай, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары бұл жұмыстан қалып келеді. Аталған өңірлерге қаржыландыруды қамтамасыз етіп, цифрлық кеңселерді ашудың нақты мерзімдерін белгілеу тапсырылды.

Жаңа форматтағы кеңселерде тұрғындар мемлекеттік қызметтердің бір бөлігін арнайы терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Құрылғыларда eGov GPT көмекшісі болады. Қызметті өздігінен алу мүмкін болмаған жағдайда, азаматтар консультанттың көмегіне жүгіне алады.

Цифрлық ХҚКО-ларды кезең-кезеңімен еліміздің барлық өңірінде іске қосу жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61