ҚОҒАМ

Атырауда лифт үшінші қабаттан құлап, үш адам ауруханаға түсті

Атыраудағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде төрт адам отырған лифт үшінші қабаттан құлаған. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілсе, тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов барып, лифтіні қарап шықты. Қала әкімі жауапты қызметтерге апаттың себептерін анықтап, қаладағы лифтілердің техникалық жағдайын тексеруді тапсырды.

Қазіргі таңда Атырауда 179 көпқабатты тұрғын үйде 567 лифт пайдаланылып отыр. Тұрғындардың өтініштері бойынша олардың 67-сін ауыстыру қажет.

Әкімдік мәліметінше, лифтілер көпқабатты үй тұрғындарының ортақ мүлкі саналады. Сондықтан оларды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары үй иелерінің міндетіне кіреді.

Ауыстыруды қажет ететін 67 лифтінің барлығы жаңғырту тізіміне енгізілген. Алайда 2026 жылғы терможаңғырту бағдарламасы аясында оларды жөндеуге немесе ауыстыруға әзірге қаржы қарастырылмаған.

Ал «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде жеті лифтіні ауыстыру жоспарланып отыр. Жұмыстардың құны 122,27 млн теңгеден асады.

Оқиға болған лифт бұған дейін, 2014 жылы ауыстырылған. Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61