ДАМУ
Қазақстанда жыл соңына дейін eGov GPT арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын 150-ге жеткізу жоспарланып отыр. Қазір цифрлық көмекші арқылы 51 қызмет қолжетімді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ИИ
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясы аясында QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Биыл цифрлық жүйелерді көшіру жоспары 92%-ға орындалған.
«Әлеуметтік әмиян» жүйесі проактивті әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтып отыр. Ал e-Otinish жүйесінде жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделген.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жыл соңына дейін eGov GPT арқылы жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 мемлекеттік қызметті қамту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтерді алу уақытын екі есе қысқарту көзделген.
Бұдан бөлек, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жұмыстары жүргізілуде. Жаңа форматтағы кеңселерде азаматтар eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған арнайы терминалдар арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
Қазір еліміздің төрт өңірінде бес цифрлық кеңсе жұмыс істейді. Тағы он өңірде оларды ашуға қажетті қаржыландыру мәселесі шешілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61