СПОРТ
Қазақстан құрамасы Астанада Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ҚФФ
«Астана Аренада» өткен кездесуде қонақтар алғашқы болып есеп ашып, 22 және 63-минуттарда екі гол соқты.
Кейін Фарер аралдарының құрамасы ойыншысының алаңнан қуылуына байланысты кем құрамда қалды. Қазақстандық футболшылар сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестірді. Голдарды Сергей Малый мен Нұралы Әліп соқты. Максим Самородов нәтижелі пасымен көзге түсті.
Матчтың соңына қарай Сергей Малый да қызыл қағаз алды. Ол Қазақстан құрамасы сапындағы ойындар саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Малый ұлттық құрамадағы 77-матчын өткізіп, Самат Смақовтың 76 ойыннан тұратын көрсеткішінен озды.
Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы С3 тобында екі ұпаймен соңғы орында тұр. Фарер аралдарының қоржынында төрт ұпай бар. Молдовада да төрт ұпай болса, Словакия алты ұпай жинаған. Бұл командалар кейін өзара кездеседі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61