ҚОҒАМ

Қанат Ниязбеков ұсталды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болуына қатысты іс бойынша Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, қазір Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Тергеу аясында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұсталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу барысында оқиғаның мән-жайы, әскери оқу-жаттығуды ұйымдастыру мен өткізу кезінде жауапты тұлғалардың әрекеті тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды қызметкері ұсталған еді.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61