ҚОҒАМ
Өскеменде заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс бойынша айыпталғандар 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: видео үзіндіден
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотталғандардың қатарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин бар.
Тергеу деректеріне сәйкес, олар Ұлан ауданындағы Шыбынды учаскесінде заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырған. Нәтижесінде 15 келіден астам алтын өндіріліп, оның жалпы құны 844 млн теңгеден асқан.
Қылмыстық істі тергеу барысында 6,7 келі алтын және 579 грамм күміс тәркіленді. Сонымен қатар сот шешімімен жалпы құны 372 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.
Сот үкімімен А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61