МӘДЕНИЕТ
Қазақстанда соңғы жеті жылда театр, музей, кітапхана және мәдениет үйлерін қоса алғанда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: ИИ
Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға да басымдық беріліп отыр. Кітапханаларды 2027 жылға дейін жаңғырту жөніндегі Жол картасы іске асырылуда. Өңірлердегі мәдениет үйлерінің инфрақұрылымы да жаңартылып жатыр.
Театр өнерінде де жаңа жобалар қолға алынды. Соңғы жеті жылда Астана, Атырау, Қызылорда және Шымкент қалаларында бес жаңа мемлекеттік театр құрылды.
Музейлер саны да артты. 2019 жылдан бері олардың саны 250-ден 286-ға дейін көбейіп, музей қорлары 68 669 сақтау бірлігімен толықты.
Кинематография саласында 2019-2025 жылдары мемлекеттік қолдаумен 150 киножоба қолға алынып, оның 124-і аяқталды. 2019 жылы қабылданған «Кинематография туралы» заң отандық киноны жүйелі дамытуға негіз болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61