ҚОҒАМ

Алматы облысында столяр цехы өртенді

Алматы облысының Шамалған ауылында столяр цехынан өрт шықты. Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видео үзіндіден

Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында Көкбастау көшесінде орналасқан столяр цехында өрт болды. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Цехта ағаштан жасалған бұйымдар мен басқа да материалдар болған.

Өрт ғимараттың шатырына да тараған. Жалынның жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар өрттің көрші нысандарға таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдап, қызыл жалынды толық сөндірді.

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып, материалдық шығын көлемі нақтыланып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61