ДЕНСАУЛЫҚ
Астанада тұмауға қарсы вакцинация басталды. Иммундау үшін қалаға «Гриппол+» вакцинасының 175 555 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: sputnik
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1-7 қазан аралығында қалада 7 649 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 466,6 жағдайды құрады.
Алдыңғы аптамен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі 1,2 есеге өскен. Осыған байланысты мамандар маусымдық тұмаудың алдын алу шараларына ерекше назар аударып отыр.
Тұмауға қарсы вакцинация ең алдымен инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары және ауру асқынуы мүмкін азаматтарға бағытталған. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, балалар және қарттар бар.
Мамандар тұмауға қарсы вакцина аурудан қорғанудың негізгі тәсілдерінің бірі екенін атап өтеді. Сонымен бірге адам көп жиналатын орындарда санитариялық талаптарды сақтау, қолды жиі жуу және ауру белгілері байқалған жағдайда байланыстарды шектеу ұсынылады.
Вакцинация алдында азаматтардың денсаулық жағдайы бағаланады. Екпе алу мәселесі медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда дәрігермен жеке қарастырылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61