Bugin

Алматыда BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы басталды

Бүгін,Алматыдағы Республика сарайында BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы өтіп жатыр. Биылғы тақырып – «Этикалық күш».

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: BE Women

Форумның басты қонақтары қатарында Facebook-тің алғашқы қызметкерлерінің бірі Рэнди Цукерберг, британдық кәсіпкер Jo Malone, технология саласының маманы Пинг Фу, екі мәрте «Оскар» алған режиссер Шармин Обейд-Чиной және цифрлық саясат жөніндегі сарапшы Тити Акинсанми бар.

Іс-шара аясында көшбасшылық, кәсіпкерлік, мәдениет, жасанды интеллект және цифрлық технологиялардың болашағы талқыланады.

Форумның негізгі мақсаты – қоғамның дамуына ықпал етіп жүрген тұлғалардың тәжірибесін бөлісу және күш пен ықпалды жауапкершілікпен пайдаланудың маңызын көрсету.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61