Bugin
Алматыда 25 елден келген 3 000 қатысушыны, 100 спикер мен 60 менторды біріктірген BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы өтті. Биылғы басты тақырып – «Этикалық күш». Яғни, адамның ықпалы артқан сайын, оның қоғам алдындағы жауапкершілігі де күшейе түседі.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Be Women
15 қазанда Республика сарайында өткен форумда әйелдердің мүмкіндіктері, жасанды интеллект, кәсіпкерлік, білім, журналистика және Орталық Азияның халықаралық беделі талқыланды.Әлемге танымал тұлғалар қандай ой айтты?
Форум спикерлері қатарында филантроп
Наталья Водянова, Zuckerberg Media негізін қалаушы Рэнди Цукерберг, Jo Loves брендінің негізін қалаушы Джо Малоун және екі мәрте «Оскар» алған режиссер Шармин Обайд-Чиной болды.
Олар жеке ықпалдың қоғамға пайдасын тигізу, технологияны жауапкершілікпен пайдалану, кәсіби жолды қайта бастау және кино арқылы қоғамдық өзгерістерге ықпал ету мәселелерін қозғады.
Орталық Азияның мүмкіндігі қандай?
Форумда өңір елдерінің мәдениеті мен халықаралық имиджін бірлесіп дамыту мәселесі де көтерілді. Сарапшылар мәдени іс-шараларды үйлестіру, туризмді дамыту және ортақ жобалар құру арқылы Орталық Азияның әлемдік аренадағы орнын нығайтуға болатынын айтты.
Әр әйел өз болашағын өзі таңдай алуы керек
Кездесулердің тағы бір маңызды бағыты – әйелдердің білім алуы, кәсіп ашуы және қоғамдық өмірге қатысуы. Кәсіпкер Әсел Амангелді өз тәжірибесімен бөлісіп, әр қыздың болашағын өзі таңдау құқығы қалыпты жағдайға айналуы керектігін атап өтті.
Қоғам қайраткері Ләззат Қалтаева да адамның өз өміріне қатысты шешімдерді дербес қабылдау мүмкіндігіне назар аударды. Ал журналист Самал Ибраева сөз бостандығы, журналистік этика және журналист әйелдерге жасалатын қысым туралы сөз қозғады.
Форум бір күндік кездесумен шектелмейді
BE WOMAN платформасы әйелдердің цифрлық қауіпсіздігіне арналған AMAN BOL бастамасын, білім гранттарын, Hidden Shero жобасын және стартап негізін қалаушы әйелдерге арналған Female Founders бағдарламасын қамтиды.
16 қазанда форум практикалық кездесулер мен шеберлік сабақтары арқылы жалғасады.
BE WOMAN ASIA 2026 қатысушыларының негізгі ойы – ықпалдың құндылығы оның көлемімен емес, адамдардың өміріне әкелген оң өзгерісімен өлшенеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61