САЯСАТ
Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Борис Поломарчук жаңа Конституциядағы өзгерістердің нәтижесі заң нормаларының іс жүзінде сақталуына тәуелді екенін айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда саяси жүйені жаңғырту, мемлекеттік басқаруды өзгерту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту жөніндегі нормалар бекітілді. Құжатта Вице-Президент лауазымын енгізу, Құрылтайдың өкілеттіктерін айқындау, Қазақстан Халық кеңесін құру және әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін реттеу көзделген.
Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Борис Поломарчук бұл өзгерістерді конституциялық реформаның жалғасы деп бағалады. Оның айтуынша, жаңа институттар парламенттік бақылауды күшейтіп, билік пен азаматтар арасындағы кері байланысты жүйелеуге мүмкіндік береді.
Поломарчук заңдардың қабылдануы өздігінен құқықтық мемлекет қалыптастырмайтынын атап өтті. Ол саяси жүйенің тиімділігі мен әділдігі құқық нормаларын сақтауға және азаматтардың қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуына да байланысты екенін айтты.
Конституциялық реформалардың жалғасы ретінде 23 тамызда алғашқы Құрылтай сайлауы өтті. Жаңа оқу жылында 5–7-сынып оқушыларына құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Конституция негіздері» курстары енгізілді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61