ӘЛЕМ

Трамп Зеленскийді Украинадағы соғысты аяқтағысы келмейді деп айыптады

АҚШ президенті Truth Social желісінде жариялаған жазбасында Владимир Зеленскийдің соғысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол Украина әскерінің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруін сынға алды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Дональд Трамп Ресеймен келіссөздер үстелінен алыстататын әрекетке барғысы келмейтінін жазды. Оның сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөнінде және кепілге алынғандарды босату мәселесі бойынша келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар.

Трамптың айтуынша, Украина Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы беріп, дизель отынының әлемдік нарығына, соның ішінде АҚШ-тағы жағдайға кері әсер етіп отыр. Ол мұның фермерлерге, мал өсірушілерге және түрлі саладағы кәсіпорындарға шығын әкелетінін мәлімдеді.

АҚШ президенті Зеленский Еуропа мен Джо Байден бөлген қаражатқа қарамастан соғысты аяқтағысы келмейді деп мәлімдеді. Трамп Украина аумағының едәуір бөлігі жоғалғанын, ал елдің мұхиттар мен теңіздерге шығу мүмкіндігінен айырылғанын да жазды. Жазбасының соңында ол соғыстың аяқталғанын қалайтынын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61