Саясат
Бұл туралы облыстың Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады
Бүгін шамамен 18 сағат шамасында Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында, Көкшетау қаласынан 3 шақырым жерде Toyota Land Cruiser жол талғамайтын автокөлігімен жол жиегінде тұрған жол жөндейтін арнайы техниканың соғысуы нәтижесінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нуркенов қаза тапты.
Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 345. 3 тармақшасы, яғни өлімге әкеліп соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары басталып, оқиғаның мән - жайы түсіндірілуде. Сондай-ақ азаматтың денсаулығында ақау болуы да мүмкін деген версияларда қаралып жатыр.
Облыстық әкімдікдіктін мәліметінше оның отбасы өзге ауданда, яғни ол бұрын әкім болып қызмет атқарған Бұлындық ауданында болғандықтан отбасына барған. Марқұмның артында аяулы жарымен төрт бірдей перзенті қалды.Оның ішінде үшеуі кәмелет жасынан толмаган.