ҚОҒАМ
Бағдарлама аясында соңғы екі жылда шамамен 300 өрт сөндіру бекеті салынған. Олардың көмегімен 450-ге жуық өрттің алдын алуға мүмкіндік туған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қасым-Жомарт Тоқаев шалғайдағы ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құтқару қызметтері жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты. Президент өндірістік және тау-кен кәсіпорындарындағы қауіпсіздікке де назар аударып, цифрлық технологиялар мен заманауи шешімдер апаттық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыра алатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Үкіметке құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуді тапсырды. Ол үшін заманауи техника мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алып, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасау қажет. Сондай-ақ құтқарушылардың кәсіби даярлығын жетілдіріп, оларды дрондармен және автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істеуге үйрету керектігін айтты.
Тоқаевтың пікірінше, мамандарды даярлауда Қазақстандағы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін оқытатын жалғыз жоғары оқу орны — Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы маңызды рөл атқаруы тиіс. Құтқарушыларды оқыту халықаралық тәжірибе мен нақты құтқару операцияларының барысын ескере отырып жетілдіріледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61