ҚОҒАМ
Аягөз ауданындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын тексерген прокуратура тәрбиеленушілерге жүйелі түрде күш көрсетілгенін анықтады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Прокуратура мәліметінше, орталықтың санитарлары тәрбиеленушілердің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оларға физикалық және психологиялық зорлық көрсеткен. Сондай-ақ заңсыз әрекеттерге куә болған кейбір қызметкерлер оларды тоқтатуға шара қолданбаған.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 140-бабы 3-бөлігі — екі немесе одан көп адамға қатысты қатыгездікпен ұштасқан кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.
Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, сондай-ақ белгілі бір қызметпен айналысу не лауазым атқару құқығынан бес жылға дейін айыру жазасы қарастырылған. Прокуратураның хабарлауынша, іске қатысы бар адамдар қызметтік міндеттерінен шеттетіліп, тәрбиеленушілермен байланысуына шектеу қойылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61