САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскердің жауынгерлік даярлығы, жұмылдыру әзірлігі және министрлік бюджетінің орындалуы жөнінде баяндалды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Кездесуге Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы Айткұрман Омарбеков пен министрдің орынбасары Татьяна Савельева қатысты.
Президентке әскери басқару органдары мен әскерлерге жүктелген міндеттердің орындалуы, сондай-ақ әскердің күнделікті қажеттіліктері мен армияны дамыту бағдарламаларын қаржыландыру туралы ақпарат ұсынылды. Қаражатты жауынгерлік даярлыққа, әскери инфрақұрылымды күтіп ұстауға және бөлімшелердің қызметіне бөлу мәселелері де талқыланды.
Тараптар әскери басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдауды жеделдету, жұмылдыруды жоспарлау және әскери резервті даярлау жайын қарастырды. Сонымен бірге жоспарланған шығындардың негізділігі, бюджет тәртібі және бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысында Тоқаев Қарулы күштердің әзірлігін арттыру, әскер даярлығының сапасын жақсарту, басым қажеттіліктерді қаржыландыру және бюджет қаражатын ұтымды жұмсау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61