ҚОҒАМ
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы Telegram мен WhatsApp аккаунттарын иемденіп, таныстарынан ақша сұрайтын алаяқтар туралы ескертті. Құқық қорғау органдары күмәнді сілтемелерді ашпауға шақырды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Соңғы екі аптада облыс тұрғындары Telegram арқылы «Саша Савенкоға дауыс бер» деген мазмұндағы хабарламаларды жиі алған. Онда қыздың байқауға қатысып жатқаны айтылып, дауыс беруге арналған сілтеме тіркеледі.
Сілтемеге өткен адамның мессенджерін алаяқтар басқарып, оның байланысындағы адамдарға ақша сұрап хат жібере алады. Мысалы, кешке қайтаратынын айтып, 80 мың сұрайды. Алаяқ есепшоты бұғатталғанын айтып, ақша аударуға арналған деректемелерін жолдайды. Аккаунттың шынайы иесі мессенджерге кіре алмай, өз атынан қандай хаттар жазылып жатқанын білмеуі мүмкін.
СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметовтің айтуынша, өңірде осы тәсілмен жасалған 14 алаяқтық дерегі тіркелген. Ол таныстан сілтеме келсе де, кәдімгі телефонмен хабарласып, хабарламаны шынымен сол адамның жібергенін тексеруге кеңес берді. Оның сөзінше, WhatsApp та осындай қауіпке ұшырауы мүмкін.
Полиция фотосурет ретінде жіберілген күмәнді сілтемелерді де ашпауға шақырды: олар телефонға зиянды бағдарлама жұқтыруы ықтимал.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61