ӘЛЕМ

Нетаньяху Иранға қарсы жаңа соққылар болуы мүмкін екенін айтты

Израиль премьер-министрі Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен видеоны жариялады. Әңгіме барысында екі көшбасшы Иранға қарсы бірлескен әскери әрекетті жалғастыруы мүмкін екенін аңғартты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен сәтін көрсететін видеоны жариялады. Трамп Израиль премьер-министріне қолдау білдіріп, оның жеңіске жететініне сенімді екенін айтты.

Нетаньяху АҚШ-тың ақпан айының соңында Иранға қарсы әскери операцияға қатысқаны үшін Трампқа алғыс айтып, «Бастаған істі аяқтауымыз керек. Мұны бірге аяқтаймыз», деді. Ол Иранды «ең үлкен қауіп» деп атағанымен, бұдан әрі қандай қадам жасалатынын нақтыламады.

Видео Трамп әлеуметтік желіде Нетаньяхудың премьер-министр болып қайта сайлануын қолдағаннан кейінгі күні жарияланды. Израильдегі парламент сайлауы 27 қазанға белгіленген. Бұл 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін өтетін алғашқы жалпыхалықтық сайлау болмақ. Бұған дейінгі парламент сайлауы 2022 жылғы қарашада өткен.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61