СПОРТ

Қазақстан семсерлесушілері әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

Мароккода өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын алған шпага бойынша Қазақстан құрамасы FIE рейтингінде көш бастады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы Венгрия, Франция, Жапония және Швейцария командаларынан жоғары тұр. Бұған дейін қазақстандық шпагашылар рейтингтің бірінші сатысына көтерілмеген.

Мароккодағы кезең қарсаңында команда үшінші орында болған. Алтын жүлде үшін өткен финалда жаңартылған құраммен өнер көрсеткен Қазақстан Ресей құрамасын жеңді.

2025 жылғы қарашадан бері қазақстандық семсерлесушілер қатысқан барлық ірі жарыста жеңіске жетті. Алдымен Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарған команда кейін Азия чемпионаты мен әлем чемпионатында, сондай-ақ Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шпагашыларды тарихи жетістігімен құттықтады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61