САЯСАТ
Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының тізіміндегі Гүлнар Тойлыбаеваны депутат етіп тіркеді. Ол Татьяна Савельеваның орнына келді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
20 қазанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Гүлнар Тойлыбаеваға депутат куәлігі мен төсбелгісін табыстады. Заңнамаға сәйкес, Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен басталады.
«Әділет» партиясы бос депутаттық мандатты партиялық тізімге енген Тойлыбаеваға беру туралы шешім жолдаған. Ол бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы әрі төрағасы қызметтерін атқарып, депутат болғанға дейін Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Мандат Татьяна Савельева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаннан кейін босады. Кейін Савельева Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61