ҚОҒАМ

Павлодарда өгей қыздарына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

Павлодарда кәмелетке толмаған екі өгей қызға жыныстық зорлық көрсетіп, оларға АИТВ жұқтырған ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Тергеу дерегінше, павлодарлық ер адам 2018 жылы екі қызы бар әйелмен бірге тұра бастаған. Қыздардың екеуінде де ақыл-ой дамуында кемістік болған.

2025 жылғы желтоқсанда анасы уақытша кеткенде, балалар өгей әкесінің қарауында қалған. Іс материалдары бойынша, ер адам алкоголь ішкеннен кейін алдымен 10 жастағы, бір сағаттан соң 11 жастағы қызға зорлық көрсеткен. Кейін оның АИТВ жұқтырғаны және вирусты қыздарға жыныстық жолмен бергені анықталған.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанна Ныгыбаева қылмыстардың жиынтығы бойынша ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанын жариялады. Сондай-ақ оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61