ҚОҒАМ

Шымкентте пәтерде екі бала көз жұмды

Шымкенттің «Восток» шағынауданындағы бес қабатты үйде төрт жасар ұл мен 15 жастағы қыз көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Оқиға туралы 19 қазанда белгілі болды. Балалардың қазасына не себеп болғанын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, пәтерді балалары оқиға құрбаны болған екі құрбы жалдап тұрған.

Алғашында газ тарауы мүмкін деген болжам қарастырылған. Алайда оқиға орнына барған апаттық қызмет мамандары пәтерден көміртек тотығын анықтамаған.

«Апаттық бригада қызметкерлері өлшеу жүргізді. Көміртек тотығының мөлшері анықталған жоқ. Қорытындыны сараптамалар жүргізіліп, тергеу аяқталғаннан кейін ғана жасауға болады», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалының басшысы Нұрбек Рахманов.

Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61