ДАМУ
Абай облысында KAZ Minerals тобы құны шамамен 1,8 млрд доллар болатын өндіріс кешенін салады. Кәсіпорын жылына 300 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіруге тиіс.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Жоба 20 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен басталды. Кешен Ақтоғай кен байыту комбинатының жанында, Аягөз ауданында орналасады. Мұнда топтың мыс концентратын өңдеу жоспарланған.
Жаңа кәсіпорында 1 000-нан астам жұмыс орны ашылмақ. Алғашқы мыс катодын 2030 жылы шығару көзделген. Өндіріс мысқа қоса алтын мен күкірт қышқылын да шығарады.
Қазір Ақтоғайда тотыққан кенді өңдеп, катодты мыс өндіретін кешен және сульфидті кеннен мыс концентратын алатын екі байыту фабрикасы жұмыс істейді. Жаңа зауыт осы өндірістік тізбекті толықтырып, кен өндіру мен байытудан дайын металл шығаруға дейінгі толық цикл құруға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарын Қытайдың NFC компаниясы атқарады. KAZ Minerals тобы мен NFC-тің Қазақстандағы еншілес компаниясы жұмыстарды бастау туралы келісімге 19 қазанда Алматыда қол қойған. NFC Қытайдың CNMC корпорациясына кіреді. CNMC Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді және Бозшакөл мен Ақтоғай кен байыту комбинаттарының құрылысына қатысқан.
Тоқаевтың айтуынша, жаңа кәсіпорын ішкі нарықтың катодты мысқа деген сұранысын толық өтеп, Қазақстанды сапалы тазартылған мыс өндіретін әлемдегі жетекші он елдің қатарына қосады. KAZ Minerals Management басқарма төрағасы Айжан Балабатырованың сөзінше, жоба Ақтоғай маңында жаңа өнеркәсіптік кластер қалыптастыруға, жергілікті жеткізушілер мен инженерлік әлеуеттің дамуына ықпал етеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61