ҚОҒАМ
Бас прокурор Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайтарылған активтер мен прокуратура жұмысының нәтижелері туралы баяндады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қайтарылған активтер есебінен 466 әлеуметтік нысанды салу және қайта жаңарту қаржыландырылды. Олардың 378-і аяқталған. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәлімдеді.
Аяқталған нысандардың қатарында алты облыстағы ірі медициналық нысандар, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион және Балқаш, Павлодар мен Арқалық әуежайлары бар.
Асыловтың айтуынша, 2026 жылдың тоғыз айында қылмыстық құқық бұзушылықтар 14,6%-ға азайған. Қоғамдық орындарда бұл көрсеткіш 22,3%, көшелерде 20,1% болды. Инвесторларды қолдау аясында жыл басынан бері 2 886 инвесторға көмек көрсетіліп, прокурорлар 3,5 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеген.
Әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқықтары, оның ішінде 200 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтары қалпына келтірілген. Жалақы бойынша 2,5 млрд теңге, алимент бойынша 7,9 млрд теңге берешек өндіріліп, бюджет қаражатын жұмсаудағы 535 млрд теңгеге қатысты заң бұзушылықтардың жолы кесілген. Бюджетке 66,4 млрд теңге қайтарылды.
Халықаралық ынтымақтастық аясында Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 келісім жасасқан. Қазақстанға 50 адам экстрадицияланып, шет мемлекеттерге 123 адам берілген. Тоқаев заңдылықты қамтамасыз ету, құқық үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61