ӘЛЕМ
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Ослода Украина басшысымен кездескеннен кейін Ресейге жол тартпақ. Келіссөзде қауіпсіздік, аумақ және санкциялар талқыланған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сәрсенбі күні Стивен Уиткофф Ресейге барып, Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқыламақ. Бұл сапар оның бір күн бұрын Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін өтеді. Зеленский жаңа ұсыныстарын америкалық өкіл арқылы Ресей билігіне жеткізуді көздеп отыр.
Кездесуге Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере мен Финляндия президенті Александр Стубб те қатысты. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер жиынға бейнебайланыс арқылы қосылды. Стеренің айтуынша, әңгіме Украина қауіпсіздігі, соғыстан кейінгі өркендеу жоспары, аумақ, санкциялар және Еуропаның қауіпсіздік құрылымы туралы болған.
Зеленский Украина, АҚШ және Ресей президенттері қатысатын үшжақты саммит өткізуді қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, мұндай кездесуде аумақ мәселесі секілді күрделі тақырыптарды талқылауға болады. Уиткоффтың Санкт-Петербургте Владимир Путинмен кездесуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61