ҚОҒАМ

2027 жылдан жұмыссыздық төлемінің мерзімі үш айға дейін қысқарады

Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің шарттары өзгереді. Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген өтініштерге қолданылады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмысынан айырылған жағдайда алатын төлемнің ең ұзақ мерзімі алты айдан үш айға дейін азаяды. Төлемнің ұзақтығы сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай белгіленеді.

Жүйеге қатысу өтілі 12 айдан 24 айға дейінгі азаматтарға төлем екі ай бойы беріледі. Оның ең жоғары мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45 пайызынан аспайды. Нақты сома әлеуметтік аударым жасалған табыс пен сақтандыру өтіліне байланысты есептеледі.

Төлем алу үшін азамат алдымен жұмыс іздеуші ретінде мансап орталығында, eGov.kz порталында немесе Enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелуі керек. Жұмыс таба алмаған әрі талаптарға сай келген адамға жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Жұмыссыз азаматтарға кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру және субсидияланатын жұмыс орындары сияқты жұмыспен қамту шаралары ұсынылуы мүмкін. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған төлемдер бұрынғы шарттармен, белгіленген мерзімі біткенше төленеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61